Еңбекшіқазақ ауданы, «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері жөнінде атқарылған жұмысы туралы есепке талдамалық анықтама
Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен мерзімдерінің, өтінімдерді қарау мерзімдерінің бұзылуы орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері анықталған жоқ.
"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылы 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;
2) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2;
3) жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;
4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 44.
бас тартулар – 5.
Округ тұрғындарына қазақ және орыс тілдерінде «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп.
Жаңашар ауылдық округінде ІІІ тоқсан бойынша барлығы 13 іс-шара өткізіліп, 7 257 адам қамтылды. Оның ішінде халыққа арналған "Электрондық қызметтер онлайн режимде алу" атты 1 лекция өткізіліп, 52 адам қатысты, 1 презентация «eGov mobile» өткізіліп, 21 адам қатысты, 1 «Дөңгелек үстел» өткізіліп, 19 адам қатысты, 4 ауылдық округ әкімінің сайтында жарияланған мақалалар, 1 инфографиканы жариялау Instagram - 1193 жазылушы, 4 әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау Instagram – 4772 жазылушы, 1 бейнеролик жариялау Instagram - 1200 жазылушы.
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсер.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 417 қызмет көрсетілді.
Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.
Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі).
2024 жылдың ІІІ тоқсанында Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдері бұзылған жоқ.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі шағымдар түскен жоқ.
Жаңашар ауылдық округінің әкімі С. Жакежанов
@.: А. Мурзагалеева
(.: 8 /72775/ 28-471