Еңбекшіқазақ ауданы, «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері жөнінде атқарылған жұмысы туралы есепке баяндау хат

Еңбекшіқазақ ауданы, «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері жөнінде атқарылған жұмысы туралы есепке баяндау хат

 

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:

-  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылы 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті.

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;

2) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 9;

3) жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;

4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 50.

Округ тұрғындарына қазақ және орыс тілдерінде «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп.

Жаңашар ауылдық округінде ІІ тоқсан бойынша барлығы 17 іс-шара өткізіліп, 10 963 адам қамтылды. Оның ішінде халыққа арналған "Электрондық қызметтер онлайн режимде алу"  атты 1 лекция өткізіліп, 25 адам қатысты, 1 «Ашық есік күні» өткізіліп,  13 адам қатысты, 1 «Жария талқылау» өткізіліп, 25 адам қатысты, 1 презентация «eGov mobile» өткізіліп, 21 адам қатысты, 1 «Жәрмеңке» өткізіліп, 19 адам қатысты,  1 мақала газет «Еңбекшіқазақ» газетінде 4880 дана  айналым, 1 «семинар» өткізіліп, 43 адам қатысты,  1 «Дөңгелек үстел»  өткізіліп, 17 адам қатысты,  4 ауылдық округ әкімінің сайтында жарияланған мақалалар, 1 инфографиканы жариялау Instagram - 1180  жазылушы, 4  әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау Instagram – 4740 жазылушы

Сонымен қатар Жаңашар ауылдық округінің әкімінің аппаратында тұрақты түрде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

         «Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын  нормативтік құқықтық актілер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсер.

2024 жылдың ІІ тоқсанында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 450 қызмет көрсетілді.

Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.

Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі).

2024 жылдың ІІ тоқсанында Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген мерзімдері бұзылған жоқ.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
28 июня 2024