Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 9 шілдедегі №138-Ж бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Дархан Әріпұлы Сыбанбаев Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Дархан Әріпұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-хирург. Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еңбек жолында дәрігер-хирург қызметінен бастап, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2020 жылдан Қарғалы ауылдық аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарса, 2024 жылдан бері Жамбыл көпбейінді ауданаралық ауруханасын басқарды.
Дархан Әріпұлының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз. Жаңа қызметіне табыс, жауапты жұмысында толағай жетістіктер және мықты денсаулық тілейміз.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік маңызы бар міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені жемқорлық қоғамның дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың заңға және мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сондықтан бұл мәселемен күрес тек құқықтық шаралар арқылы емес, ең алдымен тәрбие арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Әсіресе жастардың бойында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруда отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың маңызы ерекше.
Отбасы – тұлғаның мінез-құлқы мен дүниетанымы қалыптасатын алғашқы әлеуметтік орта. Бала ата-анасының іс-әрекеті мен өмірлік ұстанымын үлгі тұтады. Сондықтан отбасы мүшелерінің адал еңбекке, әділдікке және жауапкершілікке негізделген өмір салты жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Ата-ананың балаға берген тәлімі мен өнегесі оның болашақтағы азаматтық ұстанымының негізін қалайды.
Қазақ халқы ежелден адалдықты, ар-ұятты және әділдікті жоғары бағалаған. Ұлттық тәрбиенің өзегінде адамгершілік пен жауапкершілік қағидаттары жатыр. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» деген халық даналығы әділдік пен шыншылдықтың қоғам өміріндегі орнын айқын көрсетеді. Осындай ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіру арқылы жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының да бұл бағыттағы жауапкершілігі зор. Мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттырумен қатар, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Өйткені ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жас ұрпақтың бойында елге қызмет ету, халық мүддесін құрметтеу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну қасиеттерін қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – заң талаптарын білу ғана емес, ол адамның ішкі сенімі мен өмірлік ұстанымының көрсеткіші. Адалдық, әділдік, намыс, ар-ождан сияқты қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғамда жемқорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптасады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру отбасыдан басталып, ұлттық құндылықтар арқылы нығая түседі. Ата-баба мұрасын қастерлейтін, адалдық пен әділдікті өмірлік қағидасына айналдырған жастар ғана еліміздің дамуына үлес қосып, әділетті қоғам құруға қабілетті болады. Сондықтан отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу – жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.
Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мотокөлік құралдарына арналған арнайы белгіленген маршруттар жоқ.
ЕҚТА (ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында жалпыға ортақ автомобиль жолынан тыс жерге шығуға тыйым салынады.
Сондай-ақ орман шаруашылығы жолдарымен және мал айдау соқпақтарымен жүруге тыйым салынады.
Аталған әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін бұзу болып есептеледі және:
* ЕҚТА аумағында заңсыз болғаны үшін;
* ЕҚТА-ның белгіленген режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке әкеп соғады.
Тыйым салудың себебі:
Мотокөлік құралдарының қозғалысы жабайы жануарларға мазасыздық туғызады және топырақ жамылғысының бұзылуы мен эрозиясына әкеледі.
ЕҚТА аумағында болу қағидаларын сақтауларыңызды және тек жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ғана жүрулеріңізді сұраймыз.
Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін тұрақты түрде жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Осыған байланысты, «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды аукцион (сауда-саттық) өткізуді талап етпей алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беру қажет екендігін түсіндіреміз.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1-кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсатына сәйкес аумақтық аймақтарға бөлуге сай пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінен тыс құрылыс объектілерін салу үшін сұратылған жағдайда), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
2-кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (немесе ақысыз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: қызмет көрсетушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату шартының не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ақылы (немесе ақысыз) жер пайдалану шартының жасалуы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Мерекелер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес) өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту: сұратылып отырған жер учаскесінің нысаналы мақсатына байланысты мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-2-35.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
'"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі:
'Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 12-30-ден 14-00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады
'2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
'Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
есінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі №48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-2-35
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.
«Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.
Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау — әр азаматтың қауіпсіз әрі тыныш қоғам құрудағы маңызды міндеті.