Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, "Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметіне 2023 жылға келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

  • округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыныстар бойынша келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 8 (72775) 32235

Дата публикации
05 июня 2024