ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                                                   

 

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ 1

  «    »  _________ 20    жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Түрген ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

2022-2024  жылдарға

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Түрген ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2022-2024 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Түрген ауылдық округінің орталығы Түрген ауылы,  1921  жылға дейін-Михайловско

-  Ауыл тұрғындарының саны- 15270 адам.

- Округ құрамында 2 елді мекен бар, Түрген ауылы және Таутүрген ауылы.

- Округтің жалпы аумағы- 10087 га

- Жергілікті қоғамдастық жиналысы 2014 жылы 27 шілде күні құрылған

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 19 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

 2022 жылға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық оругінің  жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Түрген ауылы аудан орталығынан 12 шақырымда  орналасқан. 2022 жылдың басында халық саны 15270 адамды құрайды.

Түрген ауылдық округінің құрамына Түрген (орталығы)  және Таутүрген елді-мекендері  кіреді.

 

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КІРІСТЕР

 

2021 жылы ауыл бюджетіне меншікті кірістер жоспары 126,7% орындалды, жоспар  85 млн. 26 теңге . 2021 жылы шығыстар 100% орындалды, жоспар бойынша 96 млн. 828 мың тг. млн. теңге.

                                           ӨНЕРКӘСІП

 

Аудан, облыс және республика көлемінде өндіріс орындарының көшбасшысы  болып табылатын «Голд Продукт» АҚ өткен жылы 2 млн 525 мың дана шарап өндіріп, бюджетке 264 млн теңге салық төледі.

Тас құм (карьер) өндірісімен айналысатын 4  кәсіпорын бар, «Найза Тас» ЖШС,  «Жихан Бетон» ЖШС-тері өндірістік қуаттылықтары сағатына 50 шаршы метр, тұрақты түрде 38 адамды жұмыспен қамтып отыр.

   «Эксклюзив Бур Сервис» ЖШС пеноблок қабырғаларын шығарады. Аталған мекемеде 48 адам  жұмыс істейді. Орташа еңбек ақы 80000 теңгені құрайды.

Түрген шатқалында Түрген өзенінде "EC ENERGY QAZAQSTAN"ЖШС электр энергиясын өндіреді. Өндірістің қуаттылығы 1,4 мВат. Аталған мекемеде 10 тұрақты жұмыс орны бар. Орташа жалақы-120 000 теңге.

«Central Asia Fu Zhou Metal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есепті кезеңде 1200 тонна  арматура шығарды. 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың жалақысы 94 мың мен 124 мың аралығында. 

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Округ бойынша жер көлемі 10592 га, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі-10087 га; оның ішінде 4566 га егістік, 81-га шабындық,  5276 га жайылымдық жер.

     Ауыл шарушылық жерлерін нысаналы пайдаланып, өнім көлемін арттыру мақсатында, 178 ауылшаруашылық техникалары бар оның ішінде; 3 комбайн, 86 трактор, басқада өздігінен жүретін техникалар.

«Бакиров»  ШҚ  12 адамды  жұмыспен қамтып отыр, орташа жалақы көлем- 120 000 теңге. Есепті кезеңге 2 мың  553 тонна сүт өткізіп, 15 млн 900 мың теңге субсидия алды. Мал басын көбейтуді жоспарлауда.

        Сонымен қатар ауылымызда өсімдік шаруашылығы да қарқынды дамуда. ЖАФ «Тургень» ЖШС-гі элиталық тұқым өсірумен айналысады, жұмысшы саны 20 адам, «Apple world» ЖШС-гі тамшылатып суғару әдісімен 80 га алма бақ және 6 тонналық 2 тоңазытқыш, табиғи алма шырынын өндірумен айналысады, бүгінгі таңда серіктестік 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. «Интеграция-Турген»  ЖШС-гі жаңғақ отырғызды, жұмысшы саны 12 адам. «Apple world» ЖШС дегі 80 га. интенсивті баққа қосымша, «Бақ дала» ЖШС 40 га алқапқа интенсивті бақ отырғызды, жұмысшы саны 5 адам. Инвестиция көлемі 122,122 млн теңге

Бал шаруашылығымен айналысатын «Степаненко» ШҚ есепті кезеңде  5 тонна бал өндіріп, өнімдері біздің ғана елде емес шет мемлекеттерге де шығарылуда.

Аталған шаруа қожалықтары жиналған өнімді Алматы қаласына, басқада өңірлерді жеміс-жидекпен қамтуда.

Ауылымызда сонымен қатар  мал шаруашылығы қарыштап дамуда, соның ішінде мал саны; 3090 бас ірі-қара, 1250 бас жылқы, 5600 бас ұсақ мал, 4000 бас шошқа, 4000 құс бар.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

 

Жалпы ауылдық округі бойынша 1 -АҚ, 79 жұмыскер жұмыс істейді, 134 – ЖШС-гі тіркелген оның ішінде, 250 адам жұмыс істейді.  560- жеке кәсіпкер тіркелген. Округтегі шағын және орта бизнестің негізгі бағыты сауда саттық және қызмет көрсету саласына бағытталған, оның ішінде 10 тамақтандыру орындары 65 жұмыскерді, 61 дүкен 145 жұмыскерді, 18 қызмет  көрсету орындары 45 жұмыскерді,   2 әмбебап базар 81 жұмыскерді жұмыспен қамтып отыр.

Жартылай дайын фабрикатын өндіру бойынша округ аумағында 2 кәсіпорын бар, мысалы «Лавр Плюс» ЖШС-гі ассортиментінде тағамның  8 түрі қамтылып, 10 адам жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

 

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

 

2021 жылы барлығы 107 млн 741 мың теңге салық жиналған, оның ішінде мүлік салығы 2 млн 630 мың теңге, жер салығы 5 млн 125 мың теңге, жеке  және заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы 61 млн 27 мың теңге, жеке табыс салығынан 38 млн 493 мың теңге түскен. 2022 жылы  салықтың 5 түрінен жеке және заңды тұлғалардан 136 млн 851 мың теңге салық жинау жоспарланып отыр.

 

ТУРИЗМ

2021 жылы  Түрген шатқалына 50 мың турист келген, туристерге 30-ға  жуық демалыс және тамақтану орындары өз қызметтерін көрсетті, атап айтсақ «Денсаулық»  сауықтыру орталығы, «Royal fish», «Stetson ранчо», «Керуен» және «Таутүрген» қонақ үй комплекстеры, «Тау Жанашар» балалар лагері т.б.

ІАМТҰП-не қарасты Түрген шатқалының  флора мен фаунасының байлығына тамсанған туристер саны жылдан жылға артуда, осыны ескере отырып шатқалда шет ел және  отандық туристерге  жоғарғы деңгейде қызмет көрсететін қызмет көрсету орындарын инвесторлар тарту арқылы ашу жоспарлануда. ІАМТҰП-не қарасты Түрген филиалында 65 адам жұмыс істейді. 2021 жылда көрсетілген ақылы қызмет 15 млн теңгені құрайды.

 

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

"Есік Су" МКК Түрген ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Су құбыры желілерінің ұзындығы 38 км құрайды. Қосылған абоненттер саны 3125. Алайда жазғы мезгілде тұрғындарға ауыз су тапшылығы анықталып отыр. Округ тұрғындарын тұрақты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін қосымша 1200 м. су құбырын жүргізу  қажет.

 

ЭЛЕКТР ЖЕНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

"Алматы Энерго Сбыт " ЖШС теңгерімінде тұрған ұзындығы 150 км барлық электр желілерінің шамамен 40% тозған, осыған байланысты электр энергиясының шығындары бар.

Ауылымызда қазіргі таңда 120 үйге газ қосылып, 360 адам келісімшартқа отырды бұл дегеніміз 48 км газ құбыры жүргізілді. Аталған қызметті «АПЛ Констракшн» ЖШС-гі жүргізуде.

 

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

Автомобиль жолдарының ұзындығы–60,69 км. оның ішінде қатты жабындымен-14,9 км, округте 46 көше оның 11 көшесінде асфальт жамылғысы төселген. 2018 жылы Түрген ауылының Демесінов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Округтегі Құлманбет көшесінің бойына 98 шам бағаналары, Таутүрген ауылында 40 шам бағаналары орнатылған.

 

ДЕМОГРАФИЯ

Округте жалпы 3385 аула, 4220 отбасы бар. 116 отбасы атаулы әлеуметтік  көмек алады. Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны- 7034. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 6857, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2427, жұмыссыздар саны 177 (оның ішінде жұмыспен қамту орталығына тіркелгендер сан-14).

 2018 жылы туылғандар саны 195, қайтыс болғандар 70. Халық санының табиғи өсу байқалады. Жұмыссыздық деңгейі- 2,3%

 

 

БІЛІМ БЕРУ

Округтің білім беру жүйесінде 4 мектеп (соны ішінде 3 орта, 1 негізгі орта), 1 оқу өндірістік комбинаты қызмет көрсетеді. 9 жекеменшік балабақша бар. Округ аумағында жалпы мектеп жасындағы балалар саны -2855, мектеп жасына дейінгі балалар саны-1840(соның ішінде 980 бала балабақшамен қамтылған). 

  1. 1979 жылы А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебі мектебінің құрылысы жүргізілген, ал 2014 жылы күделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 640 орын. Қазіргі уақытта А.Жексембеков атындағы қазақ ора мектебінде 586 оқушы білім алуда.
  2. Д.Қонаев атындағы орта мектебінің құрылысы 1975 жылы жүргізілген, аталған мектепке 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 640 орын. Д.Қонаев атындағы орта мектебінде 1200 бала білім алуда. Халық санының табиғи өсіміне байланысты жаңа білім бру мекемесінің немесе қосымша ғиамарат құрылысын жүргізуді қажет етеді.
  3. 1964 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің ғимараты салынып, 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыйымдылығы 450 орын. Қазіргі уақытта М.Ломоносов атындағы қазақ ора мектебінде 981 оқушы білім алуда.
  4. 1967 жылы Таутүрген орталау мектебінің құрылысы жүргізілді. Сыйымдылығы 200 орын. Аталған мектепте 88 бала білім алуда.

Мектептердегі компьютерлер саны 172 дана. Барлық мектепте интерактивті тақталар орнатылған.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункті және «Эскулап», «Таумед» және «Дихнад» ЖШС кепілді медициналық көмек көрсетуде. Барлық дәрігерлер саны- 15, орта медициналық қызметкерлер саны-46.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округте   2 мәдениет  объектісі жұмыс істейді,оның ішінде: 1 кітапхана, 1 Мәдениет үйі, 5 тарих және мәдениет ескерткіштері, оның ішінде 5 ескерткіш тіркелген және 120-ға жуық қорған (археологиялық ескерткіштер)бар.  аудан бойынша оның ішінде 200 қорғандар (археологиялық ескерткіштер) тіркелген.

Кітапханада 29 000-ға жуық кітап қоры бар, 510 тұрақты оқырманы бар.

Округте дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында 5спорт ғимараттары жұмыс істейді, оның ішінде 4 стадион(білім беру мектептеріндегі спорт залдары).

Округ спортшылары облыс және аудан көлемінде түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Спортпен шұғылданушылардың округ бойынша қамту деңгейі- 30%, яғни 4700 адам.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

        Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

  1. Ауыз су құбырын жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңін жүргізу(2012 жылы Түрген ауылындағы 24 шақырым болатын ауыз су құбыры  326 млн 100 мың тенгеге I кезеңі жүргізілген.2013 жылы ауыз су жүйесінің 27 шақырым болатын  II кезеңіне 42 млн 400 тенге бөлініп, жобалық сметалық құжат дайындалған.Бүгінгі күнде аталған құжаттың мерзімінің өтуіне байланысты түзету енгізу үшін қажетті қаражат 24 млн. тенге). Шешу жолдары: Ауыз су құбырын жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңінің жобалық сметалық құжаттарына өзгертулер енгізу үшін және  ауыз су құбырын жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңінің жұмыстарын толығымен жүргізу үшін қаражат бөліну.
  2. 1965 жылы салынған кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Түрген ауылындағы Сатай батыр және Желтоқсан көшелерінде орналасқан көппәтерлі үйлердің маңында орналасқан кәріз жүйесінің жиі бітеліп, тұрғындар наразылығын тудыруда. Шешу жолдары: Кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлуге және кәріз жүйесін арнайы мамандандырылған кәсіпорынның теңгеріміне өткізіп беру.
  3. Түрген ауылындағы 41 көшенің 9-да ғана асфальт жабындысы төселген, яғни 22 % құрайды.Қалған 32 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Шешу жолдары: Бюджеттен қаражат қарастыру.
  4. Ұзындығы 3,5 шақырым болатын республикалық маңызы бар Құланаян Құлманбет көшесіне жаяу жүргінші жолын салу (тротуар). Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.
  5. Спорттық сауықтыру кешені мен Бюджеттік қызметкерлерге арналған көппәтерлі жалдамалы тұрғын үй салу. Шешу жолдары: Жер телімі құжаттары заңдастырылған, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлу.
  6. Князбаев, Достық, М.Әуезов, Сатай батыр, Демесінов, Шынасыл Бөрке, Т.Бокин көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын жүйесін орнату. Шешу жолдары: Бюджеттен қаражат қарастыру.
  7. Түрген ауылдық алқашқы санитарлық-медициналық орталығына қоршау орнату. Шешу жолдары: Бюджеттен қаражат қарастыру.
  8. Учаскелік полиция пункті ғимаратын салу. Шешу жолдары: Жер телімі құжаттары заңдастырылған, құрылыс жұмыстарына қаражат сұрау(Алматы облыстық полиция басқармасы).
  9. Заңдастырылмаған қоқыс алаңы. Шешу жолдары: Қоқыс алаңы «Түрген» өзеніне жақын орналасқандықтан, арнайы рұқсат қағаздары берілмеуде, ал бұл өз кезегінде заңдастырылмаған қоқыс алаңына құжаттар дайындауға кедергі келтіріп тұр.
  10. Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу(Түрген ауылындағы 500 орындық  мәдениет үйінің электр жүйесі тозған, дәретханалар істемейді, керегелері ескіріп, көп жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, еден, есік-терезелерін алмастырылуын қажет етеді. Түрген мәдениет үйі 1986 жылы салынып, 2012 жылы ағымды, 2019 жылы жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген.Мәдениет үйінде 30000 дана кітап қоры, 530 оқырманы бар кітапхана бар.9 үйірме жұмыс істейді. Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.
  11. Түрген ауылының көпқабатты үйлеріне 5 модульдік қазандық орнату(Түрген ауылында 18 көппәтерлі тұрғын үй бар). Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.
  12. Д.Қонаев мектебіне қосымша ғимарат салу қажет етеді (1975 жылы салынған сыйымдылығы 640 орындық болатын Д.Қонаев атындағы орта мектебінде 1091 бала білім алуда. 2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бала санының екі есе көп болуына байланысты). Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.
  13. Таутүрген орталау мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қосымша спортзал ғимаратын салу. Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.
  14. Таутүрген ауылына фельдшерлік пунктін салу. Шешу жолдары: Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

 

 

 

 

 

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

 

 

 

 

 

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Ауыл тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медицинлық сақтандыруды туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

тұрақты

 

 

тұрақты

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Түрген ауылындағы жолдардағы 2000 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу

 

12,9 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2021 ж

 

4.2

Түрген ауылындағы жолдардағы 1800 м жарықтандыру жүйелерін жүргізілді

 

8,9 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2022 ж

 

4.3

Электр жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді

 

16,8 млн. теңге

Республикалық бюджет. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында

2022 ж

 

4.4

Түрген ауылындағы жолдардағы 9800 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу үшін

 

38 млн теңге

Жергілікті бюджет

2023 ж

 

4.5

Түрген ауылындағы жолдардағы 6300 м жарықтандыру жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚға

 

26 млн теңге

Жергілікті бюджет

2024 ж

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

 

 

 

 

 

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

М.Әуезов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары

 

21 млн. 355 мың тг.

Жергілікті бюджет

2021 ж.

 

6.2

Таутүрген ауылындағы ауылішілік көшелеріне ағымды жөндеу

 

5 млн теңге

Жергілікті бюджет

2021 ж

 

6.3

Түрген ауылындағы Князбаев, Алтын ғасыр көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары

 

20 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2022 ж

 

6.4

Түрген ауылындағы Харламов, М.Әуезов  көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары

 

60 млн. теңге

Жергілікті бюджет

2023 ж

 

6.5

Түрген ауылындағы Демесинов, Н.Терехин және Шынасыл Бөрке   көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары

 

184 млн. теңге

Жергілікті бюджет

2024 ж

 

VII. БАСҚАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 

Дата публикации
06 марта 2024