.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov.kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
|
Мансап орталығына жүгінген кезде мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні |
|
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні |
|
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні |
|
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады |
|
2) мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут |
|
3) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде/проактивті
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: мансап орталығы немесе әкім арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы тағайындау туралы, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар ету.
Қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда – тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
|
Мансап орталығына Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай: |
|
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін); |
|
2) қандас мәртебесі туралы; |
|
3) босқын мәртебесі туралы; |
|
4) шетелдік мәртебесі туралы; |
|
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; |
|
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; |
|
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; |
|
8) мүгедектікті белгілеу туралы; |
|
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; |
|
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; |
|
11) бала асырап алу туралы; |
|
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; |
|
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы; |
|
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); |
|
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы; |
|
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; |
|
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; |
|
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); |
|
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; |
|
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы; |
|
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; |
|
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; |
|
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; |
|
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады. |
|
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе мансап орталығы тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. |
|
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы. |
|
Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі. |
|
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
|
Порталға: |
|
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде: |
Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі № 48а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-1-97.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ