2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 19 қазан 2016 жылғы № 12 бұйрығына сәйкес, Түрген ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 желтоқсан «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 1-05/55 өкімінің негізінде «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Округ әкімінің орынбасары М.А.Бейсембаев, округ әкімі аппаратының бас мамандары Ж.Б.Искелдиева, Н.Жапар.
Ішкі талдаудың бағыттары:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Талдамалық анықтама:
Ішкі талдау жүргізген уақыттағы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратында штаттық кесте бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны - 10. Округ әкімі аппаратының жетекші маманы Уразова Фариза Ерданаевна бала күтімі демалысынан 2022 жылдың 20 маусымынан бастап өз міндеттеріне кірісуіне байланысты Жапар Нұрбек Русланұлы 2022 жылдың 20 маусымынан бастап қызметінен босатылса, ал Сулейменов Дулат Мадиярұлы үстіміздегі жылдың 3 қарашасынан бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы мәселесі Еңбекшіқазақ аудандық персоналдарды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімі арқылы жүргізіледі. Сол себепті мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелінің болу мүмкінгігі аз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайлары декларацияларды уақытында тапсырған.
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Әкім аппараты өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді, сондай-ақ «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа алады.
Өзінің қызметінде әкім аппараты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алады.
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қарауы бойынша шешімдер қабылдауына септігін тигізетін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі кедергілерді, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсінуге жол беретін құқықтық олқылықтарды жасауға мүмкіндік беретін ережелер анықталған жоқ.
2.2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Округ әкімі аппараты тарапынан бүгінгі күні 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда:
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлығыда жер саласына қатысты. Аталған қызмет түрлерінің қағидалары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген. Аталмыш қағидаларда өтініштер «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіліп, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесіне түсуі керек. Алайда қазіргі таңда «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» және «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері ғана толығымен автоматтандырылған. Қалған қызмет түрлері қағаз нысанда баламалы негізде көрсетіледі. Осыған орай, өтініш берушімен тікелей байланыс болу салдарынан сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі туындайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету мақсатында Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді Мемлекеттік корпорация және "Электрондық үкімет"веб-порталы арқылы алуды жүзеге асыруға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қажетті құрал жабдықтармен қамтылған. Алайда округ тұрғындарының өз бетінше өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы керекті қызмет түрлерін ала алмауының себебінен, аппарат қызметкерлері көмек көрсетеді. Бұлда өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін туындатуы мүмкін.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызметтер көрсетудің әрекет етуші заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ әкім аппараты қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізу. Сонымен қатар мемлекеттік қызметті алушыларға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2.3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалардан 137 өтініш түсті. Аталған өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі шеңберінде қаралып, мерзімінде орындалады.
Қаралған өтініштер бойынша азаматтардың өтініштері қарау мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
2.4. Мемлекеттік сатып алу бойынша
Мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
2022 жылы мемлекеттік сатып алу порталында, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жалпы сомасы 62 млн.846 мың теңгеге 35 келісім шарт жасалған.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс топ мүшелері:
Округ әкімінің орынбасары М.Бейсембаев
Бас маман Ж.Искелдиева
Бас маман Н.Жапар
Таныстырылды
Округ әкімі Е.Карибаев