
Түрген ауылдық округін ауыз сумен екі ұйым қамтамасыз етеді, олар: "Есік Су" МКК-нің су құбырының ұзындығы 34 км, тариф-1 адамға 554,58 теңге, есептегіш бойынша 91 теңгеден және "Бастау" ЖШС су құбырдың ұзындығы 24 км, олардың тозуы 80-90% құрайды, 1972 жылдан бастап қолданыстағы, есептегіш бойынша 1 адамға 250 теңге тарифі 30,87 теңге.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы-150 км, 37 трансформаторлық қондырғы бар.
2019 жылы округте ЖШС «APL Construction» газ тарату желілерінің құрлысын бастаған. 2022 жылдың 1 шілдесіне газ құбырын жүргізуге 1474 келісім-шарт жасалып, 743 үй, яғни 23,2 %-ы газ құбырына қосылды. Газдың орташа газ қысымымен 6669,8 метр, төменгі қысыммен 43886,2 м. тартылған.
«APL Construction» ЖШС-і Түрген ауылы бойынша газ құбыры құрылысын жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
округ бойынша 18 көп пәтерлі тұрғын үй бар.