Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейін;
елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейін.

Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын жасау мерзімі кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Осы мемлекеттік қызмет қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

Жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеуді растайтын құжат, оның ішінде кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда – кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу туралы құжат;
3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес берілетін рұқсат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім (жер учаскесін сатып алған жағдайда сатып алу-сату шарты қоса беріледі) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

ұсынылған құжаттардың және (немесе) ондағы мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;

ұсынылған деректердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабы 5-тармағына және 97-бабы 3-2-тармағына сәйкес келмеуі;

келісуші органдардың теріс қорытынды беруі.

Жұмыс кестесі:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген кесте бойынша;

көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін;
құжаттарды қабылдау және нәтиже беру – 8:00-ден 16:30-ға дейін;

портал – тәулік бойы (техникалық үзілістерді қоспағанда).

Егер өтініш жұмыс уақытынан кейін немесе демалыс/мереке күндері берілсе, ол келесі жұмыс күні қаралады.

Қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) Порталда орналастырылған.

 

«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Мекен-жайы: Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі №25

Тел.: 87277674049

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
29 июля 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
12 апреля 2023
Тескенсу ауылдық округі бойынша жер телімінің кезегінің арнайы есебінде тұрған азаматтардың тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы