Меню

Страницы

Статья

Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылау жиналысының ЕСЕБІ

 

2023 жылдың 31 наурыз күні «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау өтті. Аталған іс-шараға 18 адам қатысты.

    Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040458, Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі құрылыс № 25, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.

 

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылдың қаңтар айынан маусымға дейін 5 қызмет, 4 маусымнан бастап 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2;

2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 22;

4) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0;

5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 403.

6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 7

2022 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны -434

тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –434, ақылы негізде-жоқ.

 

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 уәжді бас тарту болды.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

        Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабырға тақтайшалары, паспорттары ілініп, әрбір көрсетілетін қызмет түрлерінің  стандарттары мен нормативтік құқықтық актілер, арыз шағымдардың үлгілері, байланыс телефондары ( мемлекеттік тілде және орыс тілінде) хабарлама ретінде жазылған, ауыл тұрғындарына мемелекеттік қызмет  порталы бойынша интернет арқылы алу жолдары хабарланды. Бірінші қабатта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайтын орын орнатылған, шақыруға кіреберіс есікте шақыру түймесі бар, әкімшілік ғимаратына мүмкіндігі шектелген азаматтараға арбасымен  кіретінге пандус қол ұстағышымен орнатылған, қабылдайтын бөлменің бетіне ММ жұмыс кестесі Брайл шрифтімен жазылып ілінген. Ғимараттың алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға авто тұрақ белгісімен орнатылған.

2022 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1427 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша «Еңбекшіқазақ» аудандық газетке 4 мақала шығарылды. Мемлекеттік қызметті электронды онлайн режим түрде алу туралы үгіт-насихат жұмыстарының сапасын артыру бойынша 2022 жылы 7 семинар 5 акция өткізілді.

Аудан әкімінің сайтына 3 мақала мемлекеттік қызмет туралы жіберілді.

Тескенсу ауылдық округі әкім аппаратының фейсбук, инстаграм желіде 3 видеоролик орналастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 банер ілінді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

       2022 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Жария талқылау жиналысын қорытындылу барысында Тескенсу ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Кенжебеков.Т сөз сөйлеп, өзінің оң ойын білдіріп, «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.  

 

 

           

 

 

           

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Мақалалар
29 июля 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
12 апреля 2023
Тескенсу ауылдық округі бойынша жер телімінің кезегінің арнайы есебінде тұрған азаматтардың тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы