"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «электронды үкімет» www.egov.kz веб-портал арқылы қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тескенсу ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру үшін «электронды үкімет» www.egov.kz  веб-портал (портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар:
- электронды өтініш;
- нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 13 (он үш) күн
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
Жұмыс кестесі:
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Округ әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 12.30-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Толық мәліметті: «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Мекен-жайы: Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі №25

Тел.: 87277674049

Дата публикации
26 февраля 2026