«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040458, Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі құрылыс № 25, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппаратында 4 (төрт) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату,
4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкім орынбасары Е.Елубайға жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау бас маман Д.Нурбековқа жүктелген.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы- 72.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 42
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату-
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 29
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-72, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 9 уәжді бас тарту болды.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабырға тақтайшалары ілініп, әрбір көрсетілетін қызмет түрлерінің нормативтік құқықтық актілер, арыз шағымдардың үлгілері, байланыс телефондары ( мемлекеттік тілде және орыс тілінде) хабарлама ретінде жазылған, ауыл тұрғындарына мемелекеттік қызмет порталы бойынша интернет арқылы алу жолдары хабарланды. Бірінші қабатта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайтын орын орнатылған, шақыруға кіреберіс есікте шақыру түймесі бар, әкімшілік ғимаратына мүмкіндігі шектелген азаматтараға арбасымен кіретінге пандус қол ұстағышымен орнатылған, қабылдайтын бөлменің бетіне ММ жұмыс кестесі Брайл шрифтімен жазылып ілінген. Ғимараттың алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға авто тұрақ белгісімен орнатылған.
2024 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 909 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2024 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.