«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылға                                                                                    мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

    Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040458, Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі құрылыс № 25, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратында 2023 жылы қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді

1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

3) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру,

4) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,

6)Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппаратында 2023 жылы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін 4 (төрт) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату,

4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкім орынбасары Е.Елубайға жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау бас маман Д.Нурбековқа жүктелген.

            2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы- 105.  

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 53

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 7

- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату- 1

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 22

- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 22 (қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін)

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-105, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,

 

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 8 уәжді бас тарту болды.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

        Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабырға тақтайшалары ілініп, әрбір көрсетілетін қызмет түрлерінің  нормативтік құқықтық актілер, арыз шағымдардың үлгілері, байланыс телефондары ( мемлекеттік тілде және орыс тілінде) хабарлама ретінде жазылған, ауыл тұрғындарына мемелекеттік қызмет  порталы бойынша интернет арқылы алу жолдары хабарланды. Бірінші қабатта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайтын орын орнатылған, шақыруға кіреберіс есікте шақыру түймесі бар, әкімшілік ғимаратына мүмкіндігі шектелген азаматтараға арбасымен  кіретінге пандус қол ұстағышымен орнатылған, қабылдайтын бөлменің бетіне ММ жұмыс кестесі Брайл шрифтімен жазылып ілінген. Ғимараттың алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға авто тұрақ белгісімен орнатылған.

2023 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 102954 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

         2023 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
24 апреля 2024