«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тескенсу әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жер учаскесінің жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға шешім алу үшін, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар: көрсетілетін қызметті берушіге:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;
Порталға:
- көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Толық мәліметті: «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы біле аласыздар Мекен-жайы: Тескенсу ауылы, Розыбакиев көшесі №25
Тел.: 87277674049