Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылға арналған қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін медиа-Жоспарына сәйкес: 2025 жылғы 07 сәуірінде ауыл тұрғындарының, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыс туралы есебінің жария талқылау өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қоғамдық талқылау барысында ауылдық округ әкімінің 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер, қызмет алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы мәселелері қаралды.
Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі назарға алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп есептеу.
«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ