Меню

Страницы

Статья

«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

         «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 040457, Ташкенсаз ауылы, Б.Шарипов көшесі №14, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2024 жылы 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, олар:

         1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-4;

         2) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-23;

         3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - 1;

         4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-80;

         2024 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны-108, 2023 жылмен салыстырғанда 25 қызметке аз;

         Тегін көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-108, ақылы негізде – жоқ.

         Статистика көрсетіп отырғандай, жер учаскесін алуға кезекке қою ең көп сұранысқа ие қызмет түрі.

Қызмет алушылармен жұмыс

         Аппарат ғимаратында электрондық үкіметтің веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әзірленді және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бар стендтер, анықтамалық телефон нөмірлері, өтініш үлгілері, ақпараттық экран, бейнебақылау камерасы, күтуге ыңғайлы креслолар, суға арналған диспенсер, балалар бұрышы көзделген. 2024 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-1389 қызмет көрсетілді, 2023 жылмен салыстырғанда 66 қызметке көп;

         Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алған кезде округ әкімі аппаратының ғимаратында жағдай жасалған. Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, пандус, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті бұзылған келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль шрифті).

         Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

         2024 жыл ішінде 29 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, олар: аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде 4 мақала, әлеуметтік желілерде 4 мақала, Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында 4 мақала, мемлекеттік қызметтердің 2 жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 4 инфографика, 2 бейнеролик, «egovMobile» мобильдік қосымшасын түсіндіру бойынша 2 презентация жарияланды, 2 «Ашық есік күні» акциялары, халық арасында дөнгелек үстел – 3, ЮиТ газетінде сухбат -1, 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті жария талқылауы өткізілді - 1.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

         Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
03 июля 2026
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: шешімді қалай алуға болады және нені білу қажет
14 мая 2026
"Жер учаскесін алуға кезекке қою" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ақпарат
20 марта 2026
Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша өткізілген оқыту семинары туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы