Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін алуға кезекке қою" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы¬сындағы негізгі ұстаным-дардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
«Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін қысқаша түсіндірсек.
Мемлекеттік қызметті - Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

 

Толық ақпаратты «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ала аласыздар
Телефон: 8(72775) 2-52-16

Дата публикации
26 марта 2025
Дата обновления
26 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 июля 2026
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: шешімді қалай алуға болады және нені білу қажет
14 мая 2026
"Жер учаскесін алуға кезекке қою" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ақпарат
20 марта 2026
Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша өткізілген оқыту семинары туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы