Мемлекеттік қызмет көр¬сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы¬сындағы негізгі ұс¬таным-дардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Осы ретте, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндірсек
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Толық ақпаратты «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ала аласыздар
Телефон: 8(72775) 2-52-16