Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқығы бар:

1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

2) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік қызметті алуға құқылы;

3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша оның қызметкерлеріне;

4) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға құқылы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауға қатысуға міндетті;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзылған құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

7) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен пайдалануға құқылы.

 

 

 

"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Ташкенсаз ауылы, Батур Шаарипов көшесі №14

телефон: 8 /72775/ 2-52-16

Дата публикации
25 февраля 2023
Дата обновления
25 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 июля 2026
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту: шешімді қалай алуға болады және нені білу қажет
14 мая 2026
"Жер учаскесін алуға кезекке қою" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ақпарат
20 марта 2026
Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша өткізілген оқыту семинары туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы