Мемлекеттік қызмет көрсету
Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының" Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуы".
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші екі кезеңде көрсетеді.
Осы мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Қызмет көрсету мерзімі:
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жұмыс кестесі:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
"Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
8 /72775/ 25-2-16