Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, мекен-жайы: 040457, Ташкенсаз ауылы, Б.Шарипов көшесі №14, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2025 жылы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, олар:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1;
2) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-23;
3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - 2;
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-53;
5) Жер телімінің жалдау мерзімін ұзарту-8;
6) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-3.
2025 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны-90, 2024 жылмен салыстырғанда 18 қызметке аз;
Тегін көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-90, ақылы негізде – жоқ.
Статистика көрсетіп отырғандай, жер учаскесін алуға кезекке қою ең көп сұранысқа ие қызмет түрі.
Қызмет алушылармен жұмыс
Аппарат ғимаратында электрондық үкіметтің веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әзірленді және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бар стендтер, анықтамалық телефон нөмірлері, өтініш үлгілері, ақпараттық экран, бейнебақылау камерасы, күтуге ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсер, балалар бұрышы көзделген. 2025 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-1312 қызмет көрсетілді, 2024 жылмен салыстырғанда 77 қызметке көп;
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік қызметтерді алған кезде округ әкімі аппаратының ғимаратында жағдай жасалған. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тұрақ, тактильді жолақ, пандус, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті бұзылған келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль шрифті), .
Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жыл ішінде 28 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, олар: аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде 3 мақала, әлеуметтік желілерде 4 мақала, Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында 4 мақала, мемлекеттік қызметтердің 2 жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 4 инфографика, 2 бейнеролик, «egovMobile» мобильдік қосымшасын түсіндіру бойынша 2 презентация жарияланды, 2 «Қызмет алушылар күні» акциялары, халық арасында дөнгелек үстел – 3, 1 – әлеуметтік желіде онлайн жәрмеңке, 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті жария талқылауы өткізілді - 1.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.