Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2023 жылғы есепті жария талқылау

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Ташкенсаз ауылдық округі әкімдігінің 2023 жылға арналған медиа-Жоспарына сәйкес қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін, 2024 жылғы 16 сәуірінде Әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметіне ауыл тұрғындарының жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен, жария талқылау өткізілді.          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қоғамдық талқылау барысында ауылдық округ әкімінің 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны, мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер, қызмет алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы мәселелері қаралды.

Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі назарға алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп есептеу. 

 

«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
26 апреля 2024