Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі  "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетіледі.

        Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

        Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

          Қызмет көрсету мерзімі – 20 (жиырма) минут ішінде.

          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Қосымша ақпаратты Нұра ауылы,Еспергенов көшесі, 23А-үй мекенжайында орналасқан Сөгеті  ауылдық округі әкімі аппаратынан немесе 8 (72776) 4-20-15 нөмірі бойынша ала аласыздар.

Дата публикации
25 декабря 2024
Дата обновления
25 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
26 июня 2026
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
29 апреля 2026
Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің 2025 жылы атқарылған қызметін жария талқылау.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы