Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен, жаңа редакцияда 2023 жылғы 01 тамыздағы № 287 бұйрығымен (11.10.2023ж қолданысқа енді) бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Қызмет көрсету мерзімі:
1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда -13 (он үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;
2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (Он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Көрсетілген мерзімдерге кірмейді: жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Қосымша ақпаратты Нұра ауылы,Еспергенов көшесі, 23А-үй мекенжайында орналасқан Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратынан немесе 8 (72776) 4-20-15 нөмірі бойынша ала аласыздар.
«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.