Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 жылдың    № 236 (24.08.2023ж  қолданысқа енгізілді) бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

        Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

          Қызмет көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Қосымша ақпаратты Нұра ауылы,Еспергенов көшесі, 23А-үй мекенжайында орналасқан Сөгеті  ауылдық округі әкімі аппаратынан немесе 8 (72776) 4-20-15 нөмірі бойынша ала аласыздар.

 «Сөгеті  ауылдық округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
26 августа 2024
Дата обновления
26 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
26 июня 2026
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
29 апреля 2026
Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің 2025 жылы атқарылған қызметін жария талқылау.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы