Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар "цифрлық үкімет" порталы арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:
- "цифрлық үкімет"веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара цифрландырылған).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің және Цифрлық объектілердің - порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;
3) порталда.
Толығырақ ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады
Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40
Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 9 шілдедегі №138-Ж бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Дархан Әріпұлы Сыбанбаев Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Дархан Әріпұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-хирург. Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еңбек жолында дәрігер-хирург қызметінен бастап, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2020 жылдан Қарғалы ауылдық аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарса, 2024 жылдан бері Жамбыл көпбейінді ауданаралық ауруханасын басқарды.
Дархан Әріпұлының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз. Жаңа қызметіне табыс, жауапты жұмысында толағай жетістіктер және мықты денсаулық тілейміз.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мотокөлік құралдарына арналған арнайы белгіленген маршруттар жоқ.
ЕҚТА (ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында жалпыға ортақ автомобиль жолынан тыс жерге шығуға тыйым салынады.
Сондай-ақ орман шаруашылығы жолдарымен және мал айдау соқпақтарымен жүруге тыйым салынады.
Аталған әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін бұзу болып есептеледі және:
* ЕҚТА аумағында заңсыз болғаны үшін;
* ЕҚТА-ның белгіленген режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке әкеп соғады.
Тыйым салудың себебі:
Мотокөлік құралдарының қозғалысы жабайы жануарларға мазасыздық туғызады және топырақ жамылғысының бұзылуы мен эрозиясына әкеледі.
ЕҚТА аумағында болу қағидаларын сақтауларыңызды және тек жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ғана жүрулеріңізді сұраймыз.
Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.
«Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.
Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.
Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.
Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады:
Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақыны және Моңғолияда жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға өтініш, қажетті құжаттарымен бірге, өтініш беруші тұратын елдің құзыретті органына тапсырылады.
Бұл ретте Моңғолия азаматтары БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінішті қажетті құжаттарымен бірге екі елдің бірінің құзыретті органына ұсына алады.
Келісімді іске асыруға уәкілетті органдар:
– Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
– Моңғолияда – Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан тарапынан Келісімді іске асыратын құзыретті органдар:
Моңғолия азаматтарына БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдері:
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбек көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды.
Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз.
ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты - болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық стандарттарды ескере отырып) өсіру.
Өзгеріс жасауға не себеп болды?
Қолданыстағы Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілік негізінде болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгіленеді.
Бұл ретте қолданыстағы Әдістеменің бірқатар осал тұстары бар:
Қолданыстағы әдістеме бойынша, азамат зейнетақы жинақтарының ТЖШ-дан асатын бөлігін пайдаланған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды одан әрі қарай жалғастырады деп болжанған. Мұндай жағдайда болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумы (КМ) деңгейін, яғни 50 мың теңгеге жуық төлем алуы мүмкін. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде тоқтауы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі ТЖШ болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар. Жарналар уақытылы аударылып, іс жүзіндегі ТЖШ мөлшерін қамтамасыз еткеннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының[1] 15%-на да жетпейді.
Жаңа Әдістеме нені көздейді?
Ұсынылған ТЖШ-ны анықтаудың жаңа әдістемесі азаматтарға зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа тәсілге сәйкес ТЖШ-дан жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40% деңгейіне жуықтайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда оның мөлшері 339 912 теңгені құрады).
Сонымен қатар, ұсынылған Әдістемеде жеткіліктілік шектері болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне байланысты болмайды. ТЖШ шамалары ұлттық статистиканы ескере отырып, БҰҰ үнемі жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді факторлар негізінде айқындалатын болады. Тиісінше азаматтар болашақ зейнетақы мөлшерін болжай алады және ЭЫДҰ елдерінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңімен жақындайды.
ТЖШ мөлшері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады: азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін ТЖШ деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек.
ТЖШ анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылатын болады. Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) болуы тиіс ТЖШ шамасы айқындалады. Сонымен қатар, болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып нақты мәнде өседі.
Осылайша, ТЖШ-ны айқындаудың жаңа әдістемесі зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін алмастыру коэффициентінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттырады. Бұдан басқа, мұндай әдістеме ТЖШ анықтау жүйесін зейнетақымен қамсыздандырудың халықаралық стандарттарына жақындатуға және зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Халықаралық стандарттар мен тәжірибе
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102 Конвенциясына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі деңгейі кемінде 40% КАК болып табылады. Еуропалық Одақ елдерінде ең төменгі зейнетақы мөлшері орта есеппен ең төменгі жалақы мөлшерінің шамамен 60%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде ең төменгі жалақы мөлшері медианды жалақының шамамен 50% құрайды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдерде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі дағдарысқа қарсы шара ретінде экономикалық күйзелістерге және халықты қолдау қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, оның ішінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде қатаң шектеулі мөлшерде қолданылған.
Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары, ең алдымен, егде жастағы азаматтардың табысын қамтамасыз етуге арналғанын атап өтеміз. Сондықтан зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы қаражатын үнемі пайдалану жинақтау көлемінің күрт төмендеуіне және сәйкесінше болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада бұл егде жастағы зейнетақы табысының жеткіліксіздігі қаупін арттырады.
Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақталуда, алайда алу үшін қолжетімді қаражат көлемін айқындау тәсілдері азаматтарды болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті және тұрақты деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жетілдіріледі.
Қазақстанда жаңа әдістеме бойынша ТЖШ есебі нақты жағдайларға жақындап, озық елдердің зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталатын болады. Азаматтың зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ көлемі жеткіліксіз болу қаупі азаяды. Жаңартылған әдістеме жинақтаудың бір бөлігі алынған жағдайда болашақ жинақтаушы зейнетақы нысаналы көрсеткіштерден төмен болмайтындай және зейнеткерлік жастағы азаматтарға тұрақты зейнетақы табысын қамтамасыз ететіндей етіп ЖЗШ-да сақтау үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
[1] Медианды жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш, қызметкерлердің 50%-ы осы мөлшерден аз, 50%-ы көп алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып, әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету, тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынамыз.
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.
10 (он) жұмыс күні ішінде. Көрсетілген мерзімге шарт жасау кезеңі кірмейді.
Электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде).
5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 12.30-14.00-ке дейінгі түскі үзіліс пен дүйсенбіден жұмаға дейін 8.00-ден 17.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Шелек ауылы, Жібе жолы көшесі №40, телефон: 87277621430.
Толығырақ ақпаратты «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін Шелек ауылдық округінің әкімі көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы не портал /«е-лицензия»/ арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады.
1)Нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш.
2)Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, оның қадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу.
Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі-13 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қосымша ақпарат алу үшін Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40
Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30