«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 3-12 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданының «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі:
- бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде
- ұйымдастыру-басқару қызметінде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз мына телефон бойынша хабарласа аласыз: 2-01-55.