Меню

Страницы

Статья

ЖТС бойынша салық жеңілдіктерінің тізбесі кеңейтілді

🔷2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жеке табыс салығын есептеу бойынша өзгерістер енгізілген.

🔺Жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:
- ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар қызметкерлерге олардың жұмысы жолда өтетін, жол жүру сипатындағы, қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда өтемақы төлемдері (01.01.2018 ж. бастап ретроспективті қолданысқа енгізіледі);
- формалы киім кию және (немесе) оны қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда қызметкерге берілген формалы киімнің құны (01.01.2023 ж. қолданысқа енгізіледі);
- төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамның факт расталған жағдайда алатын сыйақы сомасы (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.)

▫️Кірісті түзету келесі кірістер бойынша жүзеге асырылады:
- ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі);
- жеке тұрғын үй қорындағы жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар түріндегі табыстар (01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі);
- теңгеде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).

Толығырақ http://kgd.gov.kz/ сайтында

Дата публикации
27 января 2023
Дата обновления
27 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
20 июня 2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы талқылау
Хабарлама
05 июня 2024
Еңбекшіқазақ ауданының «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы