Шелек ауылдық округінде 7 Денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді: 1 аудандық аурухана, 1 емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 жеке емхана.
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалпы саны -341. Аудандық аурухана мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, оның қызметтеріне мыналар кіреді:
- Патологиялық диагностика
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету
- Медициналық оңалту
- Консультациялық-диагностикалық көмек (амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек)
- Ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек
- Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек
Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек іс-шара жоспарына сәйкес 2021 жылы МӘМС жүйесі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.