Саймасай ауылдық округінің әкімі Б.Чурмаковтың халықпен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы мәліметтер
|
№ |
Өтініш берушінің аты-жөні
|
Сұрақ |
Проблемалық мәселелерді шешу шаралары (сұраныс берілген күні мен шығыс нөмірін, кімге берілді сұраныс, қандай шешім қабылданды сұранысыңыз бойынша, ЖСҚ, ҚМЖ-ға бөлінген ақшаны, мәселені шешу қандай кезеңде тұр толығымен жазыңыздар) |
|
|
Саймасай ауылдық округі |
||||
|
1. |
Мукарамов Ш., Амангелді ауылының тұрғыны |
ФАП құрылысы стандартқа сай емес туралы мәселе |
ФАП құрылысы стандартқа сай емес туралы мәселе бойынша Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мемельбековке 2026 жылғы 21 қаңтар күні №75-30/10-И сұраныс хат жолданды. Бүгінгі таңда пайдалануға беру актісі алынған жоқ. |
|
|
2. |
Исраилов А., Амангелді ауылының тұрғыны |
Амангелді ауылындағы Молодежный көшесінің бойында орналасқан үйлердің заңды, заңсыздығы туралы мәселе |
Амангелді ауылындағы Молодежный көшесінің бойында орналасқан үйлердің заңды, заңсыздығы туралы мәселе бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік корпорация тіркеу қоғамдары және жер кадастр филиалы ММ басшысы Р.Т Қожаевқа 2026 жылғы 03 ақпан күні №75-30/20-И сұраныс хат жолданды. А.Исраиловқа толығымен жауап берілді. |
|
|
3. |
Режепов Қ., Амангелді ауылының тұрғыны |
Амангелді ауылында орналасқан пошта торабының аумағында заңсыз қазық қағылғанын анықтау бойынша |
Амангелді ауылында орналасқан пошта торабы Аудандық пошта бөлімінің теңгерімінде болғандықтан Алматы облысы «Казпочта» АҚ филиалының басшысы келіп, анықтау және зерделеу жұмыстарын жүргізді. «Казпочта» АҚ филиалының басшысының айтуы бойынша қазіргі уақытта бұл мәселемен ұйымның заңгері айналысуда. |
|
|
4. |
Баймаганбетова 3., Саймасай ауылының тұрғыны |
А.Байтұрсынов көшесінің төменгі бөлігін бас жоспарға қосу мәселесі |
Округтің жаңадан бас жоспары дайындалу үстінде. А.Байтұрсынов көшесінің төменгі бөлігі бас жоспарға кіргізілді. Жоба әзірлену үстінде. |
|
|
5. |
Синчук Д., Саймасай ауылының тұрғыны |
Құлжа тас жолынан Саймасай ауылына дейінгі жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Құлжа тас жолынан Саймасай ауылына дейінгі жолға 3 км жерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысына 2025 жылғы 27 мамыр күні №75-30/60-И-27 сұраныс хат жолданған. Қосымша 2026 жылғы 31 наурыз күні №75-30/57-И сұраныс хат жолданды. |
|
|
6. |
Жакелбаева Ж., Саймасай ауылының тұрғыны |
Жаңадан мектеп құрылысын салу мәселесі |
Жаңадан мектеп құрылысын салу мәселесі бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ш.Ш Кошахановаға 2026 жылғы 14 қаңтар күні №75-30/2 сұраныс хат жолданды. |
|
|
7. |
Баймаганбетова 3., Саймасай ауылының тұрғыны |
Саймасай ауылы бойынша қоқыс шығарушы мекеменің тарифтік бағаны өсіру мәселесі |
Елді мекеннен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығаруды ұйымдастыру мен қызмет көрсету тарифін бекіту туралы «TAZA TOWN» ЖШС-нің басшысы А.Бошкулов Саймасай ауылдық округінің тұрғындарымен өткізген жиналысының қорытындысы негізінде әр үйге бір айға 1500 теңге көлемінде тариф бекітілді. |
|