Қоғамның өркендеуі мен елдің тұрақты дамуына әрбір азамат өзінің адалдығы мен жауапкершілігі арқылы үлес қоса алады. «Адал азамат» ұғымы – тек жеке қасиет емес, ол – тұтас қоғамның сапасын айқындайтын маңызды құндылық.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң мен тәртіпті құрметтейтін, ел мүддесін жоғары қоятын азаматтар қоғамның берік тірегіне айналады. Осы қасиеттерді әрбір отбасында ұрпақ тәрбиесі арқылы қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жастарға адалдық, әділдік, еңбекқорлық пен отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында адалдық пен ашықтық қағидаларын берік ұстану аса маңызды. Халыққа қалтқысыз қызмет ету, заң талаптарын сақтау және қоғам сенімін ақтау – әрбір мемлекеттік қызметкердің басты парызы.
Адалдықты ту еткен, жауапкершілікті жоғары қоятын қоғам ғана алға басып, тұрақты дамуға қол жеткізеді. Сондықтан баршаңызды адал еңбек етіп, ел игілігі жолында бірлесе қызмет етуге шақырамын.