Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай алуға болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

         Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға шешім алу үшін, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.

         Қажетті құжаттар: көрсетілетін қызметті берушіге:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
Порталға:
-  мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
-  жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жұмыс кестесі:

         Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына  сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

         Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

Қосымша ақпарат алу үшін Саймасай ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Саймасай ауылы, Хазиев көшесі, 2

Байланыс телефоны: 8 (72775) 36-2-34

Дата публикации
15 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 апреля 2026
Есірткі «жасырын қоймаларын» (закладка) немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі
Тұрғындарға арналған ақпарат
01 апреля 2026
Округ әкімі Б.Чурмаковтың халықпен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы
Ақпарат
19 марта 2026
«Адал азамат» – қоғам дамуының тірегі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы