Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты төтенше жағдайлар бөлімі келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады:
1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өрт сөндіру әдістері туралы нұсқау беру;
2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарына жауапты адамдар тағайындалады;
3) орманға жақын аймактарда ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын бастамас бұрын орман иелеріне 1 тәулік бұрын хабардар етіледі;
4) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, соқасы бар бір трактор, өрт сөндіргіш, күректер, жабдықтарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;
5) жұмыстар жүргізілмес бұрын ауылшаруашылық жұмыстарының аумағын ені 8 метрден кем емес жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;
6) орман алқаптарын, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес желектер ені кемінде 8 метрге дейін жыртылады;
7) өртеу жұмыстары желдің күші 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр), жауапты адамдар мен жұмысшылардың бақылауындағы егістік жерлерде жүзеге асырылады;
8) өрттің тез таралуын болдырмау үшін жел жағында тұрып өртейді;
9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары болған аймақты мұқият тексеру және жанудың кайта басталып кетуіне жол бермес үшін 3 сағат ішінде қорғау қамтамасыз етіледі.
Өйткені, қайғылы жағдайдың алдын алудың жалғыз тәсілі - сіздің өміріңізді және басқа адамдардың өмірі, материалдық құндылықты (мүлік) өрттен қорғау.