Саймасай ауылдық округінің 2022 жылдың 9 айындағы экономикалық даму қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Саймасай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2022 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар туралы төмендегідей мәліметті мәлімдейді.
2022 жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша округтегі тұрғындардың саны- 7002 адамды құрайды. Оның ішінде Саймасай ауылы бойынша адам саны-4773, Амангелді ауылы бойынша -2229. Аула саны Саймасайда- 1158 уй болса, Амангелді ауылында аула саны-459 уйді құрайды. Барлығы -1617 үй бар.
Округ бойынша ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі - 6685 га алып жатыр. Оның ішінде- 5657 га егістік, жайылымды жерлер- 802 га, шабындық жерлер -88 га, көпжылдық екпелер- 138 га.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша күздік бидай- 120 га, күздік арпа-160 га, арпа-170,8 га, сұлы -20 га, жүгері -2350 га, жаздық бидай -70,1 га, майлық бұршақ -820 га, көкөніс- 635 га, картоп- 520 га, бір жылдық өсімдік- 100 га, сүрлемге арналған жүгері -185 га, күнбағыс -7 га, көп жылдық өсімдік -500 га отырғызылды.
Өсімдік шаруашылығы бойынша «Айдарбаев» шаруа қожалығында 63 га алма бағы. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша округтегі ірі қара мал саны- 5387 бас, ұсақ мал 3208 бас, жылқы 817 бас, шошқа 200 бас, 1500 бас құс, түйе 2 басты құрайды.
Тұрғындарды қоғамдық мал жаю орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Саймасай ауылдық округі бойынша қосымша 802 га жердің құжаттары рәсімделді.
2022 жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша 5 салық түрінен салық түсімі 58 млн 795 мың (111%) теңгені құрады. Мүлік салығы- 1 млн 641 мың теңге, жеке тұлғалардан түскен көлік салығы -26 млн 289 мың теңге, заңды тұлғалардан түскен көлік салығы – 226 мың теңге, 30 млн 412 мың теңге жеке табыс салығы және жарнама салығы- 127 мың теңге жиналды. Берешектерді өндіру бойынша, борышкерлермен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2022 жылдың 9 айында округ әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша тұрғындарға 1461 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны -39. Өзін-өзі көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны- 680.
Округ әкімінің аппаратына 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлығы 86 өтініш түсті. 84 өтініш жеке тұлғадан, 2 өтініш заңды тұлғалдан. Оның ішінде жер қатынастары бойынша 42 өтініш, ауылшаруашылық мақсатында 1 өтініш, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы бойынша-3 өтініш, жеке және ауызша қабылдауда 20 өтініш және басқа да сұрақтар бойынша 20 өтініш келіп түсті.
Инфестиция тарту бойынша округтегі ірі шаруақожалықтары алдыңғы бес жылға «2022-2026 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының» шеңберінде жаңа өндірістерді іске қосу, жаңғырту, кеңейту мақсатында құрылыстарды жүргізуді жоспарлап отыр. Шағын және
орта бизнес субъектілеріне өз істерін ашуға немесе үлкейтуге әр түрлі субсидиялар мен несиелер алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Округтің санитарлық тазалығы бойынша қыркүйек айында «Бірге таза Қазақстан» атты бүкіл әлемдік акция ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға ауыл тұрғындары, шаруақожылықтар, жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы 10 техника 15 тонна қоқыс шығарылды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық болдырмау мақсатында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірге тиісті жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Саймасай ауылдық округі бойынша қоғамдық- саяси жағдай тұрақты және қатаң бақылауға алынған. Округ аумағында 32-ге жуық әр түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Әлеуметтік сала бойынша округтегі зейнеткерлер саны 841 адам, мүгедектер саны 174 адам, көпбалалы 118 адам, қамқоршысынан айырылғандар 44 адам, әлеуметтік көмек алатындар 37 отбасы немесе 192 адам, қоғамдық жұмыскерлер 12 адам, жастар практикасы бойынша 1 адам қабылданды.
9 айда туылғандар саны 71 бала, қайтыс болғандар саны 40 адам. Әскерге шақырылушылар 149 адам.
Жылдың басынан 418 отбасына 1 944 190 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Құрбан айт мекересіне орай аз қамтылған отбасыларға еттей көмек көрсетілді.
Елорда күнініне орай, «Астанам-мақтанышым» балалар арасында А.Байтұрсынов мектебінде сурет салу іс-шарасы өткізілді.
«Таза ауыл-таза мекен» атты тазалық акциясы Садыр орта мектебінің оқушыларының қатысуымен өткізілді.
«Мектепке жол» атты акциясы аясында, әкімшілік қызметкерлерінің, мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен және округіміздің белсенді демеушілерінің көмегімен 51 жанұяға мектеп формасымен оқу құралдарымен және т.б көмек көрсетілді.
30 тамыз –Конституция күніне орай білім беру мекемелерінде, бала бақшаларда іс-шара өткізілді.
1 қыркүйек алғашқы қоңырау мерекесіне орай салтанатты іс-шара А.Байтұрсынов және Садыр орта мектептерінде аталып өтті.