Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер

учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын

төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат

нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет

көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.

Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты

Дата публикации
26 декабря 2022
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 апреля 2026
Есірткі «жасырын қоймаларын» (закладка) немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі
Тұрғындарға арналған ақпарат
01 апреля 2026
Округ әкімі Б.Чурмаковтың халықпен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы
Ақпарат
19 марта 2026
«Адал азамат» – қоғам дамуының тірегі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы