Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары «Электрондық үкімет порталы арқылы жер телімін алу кезегіне тұру»

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар электрондық үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған жер учаскесіне кезекке қою туралы өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 12 (он екі) жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: өтінішті арнайы тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» порталына жолдайды.

Жұмыс кестесі: порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Саймасай ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Саймасай ауылы, Хазиев көшесі, 2

Байланыс телефоны: 8 (72775) 36-2-34

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 мая 2023