Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 24-9 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ЖОБА

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 24-9 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4583 тіркелген, 2018 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

«2.Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

"4) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

7 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

"5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш, оның ішінде: адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар балаларға - екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі;»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

"11) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 26 айлық есептік көрсеткіш;";

11-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

"11. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немсе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады;";

1) жеке басын куәландыратын құжатты;";

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;";

3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатты;";

Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қармастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды;";

12-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

"12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. ";

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сатыбалдыиев Беглан Билібайұлына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Еңбекшіқазақ аудандық Еңбекшіқазақ аудандық

мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы

______________ ______________ Б.Ахметов

Жоба
Дата публикации
01 ноября 2022