Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейін;
елді мекеннен тыс орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейін.
Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын жасау мерзімі кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
Жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеуді растайтын құжат, оның ішінде кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда – кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу туралы құжат;
3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес берілетін рұқсат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім (жер учаскесін сатып алған жағдайда сатып алу-сату шарты қоса беріледі) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Жұмыс кестесі:
Егер өтініш жұмыс уақытынан кейін немесе демалыс/мереке күндері берілсе, ол келесі жұмыс күні қаралады.
Қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) Порталда орналастырылған.