«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040452, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Э. Хазиев көшесі №2.

2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылы 6 мемлекеттік  қызметтердің түрін көрсетті.

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;
  • Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 1;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 19;

4) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0;

5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою –177;

6) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 5;                                                                                                                          

 

2025 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны -203 тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 203, ақылы негізде-жоқ.

- көрсетілетін қызметті берушілермен баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 5;

- "Е-Лицензиялау"МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген- 20;

- "Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген -177.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 уәжді бас тарту болды.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

         «Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді.  Халықты ақпараттандыру үшін   мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бар стендтер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсер, балалар бұрышымен қамтамасыз етілген.

 2025 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 864 қызмет көрсетілді.

Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.

Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, пандус ГОСТ стандарттарына сәйкес келеді және жауын шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталған, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, турникеттер, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі). Сондай-ақ, әкім аппаратының ғимаратында нашар көретіндерге арналған тактильді сары жолақтар бар және ғимаратқа кіре берісте, ғимараттың ішіндегі баспалтақтар сары түспен белгіленген. Есту қабілеті нашар саңыраулар мен арбамен жүретін  мүгедектерді жедел  эвакуациялау жолының белгілері 1 және 2 қабаттарға ілінген.

2024 жылы 04 желтоқсанда Саймасай ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылға арналған Медиа – жоспары бекітілді( Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша БАҚ-та жарияланымдар, оның ішінде тұтынушыларды Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру бойынша).

2025 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 37 түсіндіру іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде:

6 - мақала "Еңбекшіқазақ" газетінде;

4 - мақала аудан әкімдігінің ресми сайтында;

4 - мақала округ әкімдігінің ресми сайтында;

6 - жарияланым әлеуметтік желілерде;

1 - дөңгелек үстел;

2 – инфографика;

1 – бейнеролик;

3 - мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі;

2 - презентация «Egov mobile»;

3 – лекция;

2 - мемлекеттік қызмет алушылар күні;

1 – мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп беру;

2- хабарландыру.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

       2025 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

      

«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
28 апреля 2026