
Округтегі шаруа қожалықтарының негізгі қызметі-өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы.
2022 жылға 4237 га жүгері, 1100 га майлы дақылдар, 1309 га көпжылдық екпелер, 405 га күзгі дақылдар, 13 га арпа, сұлы 14 га, 635 га көкөністер, 520 га картоп, сүрлемге 506 га жүгері отырғызылды.
Округ бойынша 256 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде: 23 комбайн, 183 бірлік трактор, 50 бірлік басқа өздігінен жүретін техника.
Округ бойынша ірі қара малдың саны 3800 бас, ұсақ мүйізді мал - 1881 бас, жылқы - 650 бас, құс - 1500 бас, шошқа - 125 бас және 2 түйе болды.