
Саймасай округінің білім беру жүйесінде 2 орта мектеп, 1 оқу өндірістік комбинаты, 5 балабақша жұмыс істейді. Округ аумағында жалпы мектеп жасындағы балалар саны 1394 оқушы, мектеп жасына дейінгі балалар саны-676 (соның ішінде 349 бала балабақшамен қамтылған).
Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде- 904 оқушы білім алуда. Садыр атындағы орта мектебінде 490 бала білім алуда.
Жалпы компьютерлер саны – 334, интерактивті тақталар саны -3, интерактивтік проекторлар саны- 5.
Округте барлығы 5 балабақша жұмыс істейді. «Дана» балабақшасы 150 орынға, «Айза» балабақшасы 70 орынға, «Зеретай» балабақшасы 50 орынға, «Айтұмар» балабақшасы 100 орынға, «Мадагаскар» балабақшасы 200 орынға арналған. Балабақшадағы балалар саны -349 баланы құрайды.