GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Все материалы
Ішкі саясат
23 октября 2026
Республика күніне орай Рахат ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
 
*РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!*
Республика күніне орай Рахат ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында патриоттық әндер шырқалып, еліміздің жетістіктері мен тәуелсіздіктің маңыздылығы дәріптелді.
 
Іс-шара аясында ауылдық округтің қоғамдық өміріне белсене араласып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар округ белсенділеріне алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
*Республика күні – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді бекемдейтін маңызды мереке.*
 
Осы айтулы күнде барша тұрғындарға амандық, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
 
Жастар саясаты
Ескерту
21 октября 2026
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
 
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Рахат ауылдық округінде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жұмыс жүргізілуде.

Әскерге шақыру науқаны барысында жастармен жұмыс жүргізіліп, әскери қызметтің маңыздылығы мен Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің жауапкершілігі түсіндірілуде.

Әскер – ер азаматтың мектебі, Отанға қызмет ету – абыройлы міндет!
ТҮКШ
21 октября 2026
Рахат ауылдық округі бойынша 4 елді мекенді жарықтандыру мәселесі қарастырылды.
 
Рахат ауылдық округі бойынша 4 елді мекенді жарықтандыру мәселесі қарастырылды. Аталған елді мекендерде көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуші мердігер мекеменің өкілдерімен кездесу өткізілді.
 
Кездесу барысында жарықтандыру мәселелері талқыланып, жоспарланған жұмыстардың жай-күйі зерделеніп, тиісті мәселелер жан-жақты қарастырылды.
 
ТҮКШ
21 октября 2026
Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылындағы К. Данияров көшесінде ескі электр бағаналарының тозуына байланысты «АЖК» АҚ тарапынан 10 кВ электр желісінің 18 бағанасы ауыстырылды.

Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылындағы К. Данияров көшесінде ескі электр бағаналарының тозуына байланысты «АЖК» АҚ тарапынан 10 кВ электр желісінің 18 бағанасы ауыстырылды.

Бұл жұмыстар тұрғындарды электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы
20 октября 2026
Рахат ауылдық округінде алма жинау науқаны жалғасуда!

Рахат ауылдық округінде алма жинау науқаны жалғасуда! Бақтарда қызу еңбек жүріп жатыр. Еңбеккерлер әрбір жеміске өз еңбегі мен қамқорлығын арнап, піскен, шырынды алмаларды жинауда. 🍏 Әрбір мол өнімнің артында үлкен еңбек, шыдамдылық және туған жерге деген сүйіспеншілік жатыр. 🌿

ТҮКШ
19 октября 2026
2026 жылғы 16 қазанда Қайназар ауылында жұмыстар жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізілді.

2026 жылғы 16 қазанда Қайназар ауылында жұмыстар жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына байланысты зақымданған су құбыры желілерінің учаскелерін қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта ауылда ауызсу қалыпты режимде берілуде. Дегенмен, жер қазу жұмыстары барысында жекелеген учаскелердегі магистральдық және абоненттік су құбырлары зақымданып, оларды қалпына келтіру қажеттілігі туындаған.

Мердігер мекемеге анықталған ақауларды жою және қажетті жөндеу жұмыстарын тұрақты суық түскенге дейін, яғни ауа райы қолайлы болып тұрған кезеңде аяқтау міндеті жүктелді.

Негізгі мақсат қыс мезгілінде Қайназар ауылының тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету және ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу.

 
 
 
 
ТҮКШ
19 октября 2026
Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында ауызсу жүйесінің құрылысы бақылауда.

Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында ауызсу жүйесінің құрылысы бақылауда.

ТҮКШ және ТҮИ тарапынан жүзеге асырылып жатқан жоба аясында таудан тартылатын ұзындығы 7 шақырымдық су құбыры жүйесінің құрылыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды тексердік.

Қазіргі таңда 4–5 шақырым аралығындағы бөлікте қазу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта каптаж құрылысы мен су құбырының қалған 2–3 шақырымдық бөлігін тарту жоспарланған. Мердігер мекеме өкілдерінің мәліметінше, ауа райы қолайлығына байланысты құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Жұмыс барысы пысықталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Негізгі мақсат — құрылыс сапасын қамтамасыз етіп, жобаны белгіленген мерзімде аяқтау және Азат ауылының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту.

Жер қатынастары
Денсаулық сақтау
Ауыл шаруашылығы
15 октября 2026
15 қазан Рахат округіне қарасты Өрікті ауылы тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті.

15 қазан Рахат округіне қарасты Өрікті ауылы тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті.

Кездесу барысында округте 2026 жылы бойынша атқарылған жұмыстармен 2027 жылға міндеттер туралы айтылды.

Ауыл тұрғындарының проблемалық мәселері туралы сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.

Ауыл шаруашылығы
15 октября 2026
Жүгері жинау науқаны

Рахат ауылдық округінде жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр!

Күз – ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын маңызды кезең. Рахат ауылдық округінің алқаптарында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әрбір мол өнімнің артында диқандардың маңдай тері, егістікке деген күтімі мен ауыл шаруашылығы техникасының тынымсыз еңбегі жатыр.

Барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолайлы ауа райын, мол өнім мен берекелі еңбек тілейміз! Жүгері жинау науқаны сәтті аяқталып, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Жастар саясаты
Ішкі саясат
15 октября 2026
«Кибербуллингке жол жоқ!»
 

«Кибербуллингке жол жоқ!»

2026 жылғы 13 қазанда кибербуллингтің алдын алу және интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға «Кибербуллингке жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық брошюралар таратылды.

Іс-шара барысында интернет кеңістігінде әдептілік сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, қорлау мен қудалауға жол бермеу және кибербуллингке тап болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі түсіндірілді.

Кибербуллингке жол бермейік! Қауіпсіз интернет – ортақ жауапкершілік!

 
 
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы