Меню

Страницы

Статья

Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Бағдат Рахимов реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

21 апреля 2026
«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.
20 апреля 2026
Ақпарат
20 апреля 2026
Форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы