“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Рахат ауылдық округіне қарасты елді мекендердің адам көп шоғырланатын орындарына *мемлекеттік органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық парақтар* ілінді. Бұл шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қажет жағдайда тиісті органдарға жедел түрде хабарласу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.