“Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу”
19.08.2025ж, “Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” мәжіліс залында Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, “Іле мұрагер” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты :
* Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында отбасы құндылықтарын дәріптеу;
* Ана мен баланы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау аясында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
* Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау.
Арнайы шақырылған спикерлер: Еңбекшіқазақ аудандық Полиция Басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты – Айтуова Медина Есимовна;
Педагогика ғылымдарының магистрі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Педагогика және психология институты
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты – Таипова Зульфия Масимжановна.