Рахат ауылдық округінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілді. Қоғамдық орындарда, сауда және қызмет көрсету нысандарында көрнекі ақпараттардың (жарнама, маңдайша, хабарландыру, бағалар тізімі, ас мәзірі т.б.) мемлекеттік тілде дұрыс жазылу барысы қадағаланды. Мүлдем қазақша аудармасыз жазылған жарнамалар анықталып, нысан иелеріне заң асяында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерді түзету үшін мерзім белгіленді.
«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының мақсаты — Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарының орындалу барысында, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қоғамда тіл мәдениетін арттыру болып табылады.