2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімінің қосымшаларына сәйкес, оның ішінде «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
кірістер 163 826 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салық түсімдері 131 460 мың теңге;
Салық емес түсімдер 1 230 мың теңге;
Трансферттер 31 136 мың теңге;
шығыстар 170 317 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Әкімдіктің қызметіне – 91 144 мың теңге;
Рахат ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруына 15 500 мың теңге;
Рахат ауылдық округінің санитарлық тазалығына 7 600 мың теңге;
Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеуге 138 мың теңге;
Рахат ауылдық округін абаттандыру және көгалдандыруына 11 410 мың теңге;
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 1 000 мың теңге
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға 22 136 мың теңге;