"Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі " Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу "Мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы
Жалпы ережелер:
Осы "сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
Бірінші кезең; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесіне құқық алуға өтініш, сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер 2-қосымшаға сәйкес "сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған осы Қағидаларға.
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші екі кезеңде көрсетеді.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде), жер комиссиясының қорытындысын беру-12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
Бұдан әрі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 1-тармағының екінші бөлігінде және 24-бабының 6-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) "электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі бірінші кезең: - 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: - бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тегін көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Ауылдық округ тұрғындары үшін "Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері орналастырылған стенд бар.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:
Қайназар ауылы, Сейдалим қажы көшесі, № 9 В үй, "Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, телефон: 8 (72775) 37-2-17.
Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Әшімбай