Меню

Страницы

Статья

«Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 «Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің топтастырылған тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтары № 39/НҚ бұйрығымен  бекітілген    мемлекеттік   көрсетілетін  қызметтер  тізіліміне  сәйкес,  6 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» және 2022 жылғы 4 маусымдағы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызмет қосылды.

          Қызметті беруші туралы мәлімет: «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040429, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы, Сайдалым қажы көшесі, 9 «В» үй.

2022 жылы  Рахат ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  4103 өтініш қабылданып қаралды оның ішінде: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-1 өтініш, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 31  өтініш, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» 4056 –өтініш  қанағаттандырылды, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары-2 өтініш және Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту 13 –өтініш  қанағаттандырылды.

         Сондай-ақ, әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.

«Еңбекшіқазақ» газетінің  № 8 от 18.02.2022 жылы, № 46, 04.11.2022 жылы «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», № 16 от 15.04.2022 ж. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», № 22  27.05.2022 ж. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», № 28   08.07.2022 ж. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,  № 34  19.08.2022 ж. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» сондай-ақ instagram, facebook әлеуметтік желілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметі мақалалары жарияланды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытында көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілікке, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол беру болған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі үнемі жетілдірілуде.

Округ тұрғындарын ақпараттандыру және қамту мақсатында әкім аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру шаралары өткізіледі Instagram, facebook әлеуметтік желілерінде "нақты уақыт режиміндегі электрондық қызметтер" тақырыбындағы акциялар жарияланған  сондай-ақ, әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мамандарының қатысуымен 2 семинар және 1 дөңгелек үстел өткізілді.

          2022 жылы Рахат ауылдық округі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 (үш) веб-камера, 3 (үш) картридер пайдаланылуда. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы 3791 анықтама алынды (оның ішінде ЭЦҚ – 1353).     

Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен ережелер жазылған стендтер жаңартылып тұрады, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет алу кезінде «кедергісіз орта» қалыптастыру мақсатында Брайль шрифті (нашар көретін және соқыр азаматтарға арналған жұмыс кестесі) маңдайша, пандус, тактильді жол, есту және көру қабілеті шектеулі және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шұғыл эвакуациялық жағдайда мүгедектер арбасын пайдалану белгілері орнатылған.

Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады. 2022 жылдың   қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде  бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен  шағым болған жоқ.

Дата публикации
25 апреля 2023
Дата обновления
25 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

21 апреля 2026
«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.
20 апреля 2026
Форум
20 апреля 2026
Ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы