Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы

"Жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы
Жалпы ережелер:
Осы "жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды"(бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жер учаскесін алуға кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішпен танысады, өтінішке бұрыштама қояды, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтінішті қарайды және арнайы есепке қою туралы хабарламаны не 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарламаға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тегін көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері.
Ауылдық округ тұрғындары үшін "Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар, анықтамалық телефондардың нөмірлері, өтініштердің үлгілері орналастырылған стенд бар.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:Қайназар ауылы, Сейдалим қажы көшесі, № 9 В, "Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, телефон: 8 (72775) 37-2-17.
Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Әшімбай

Дата публикации
15 февраля 2023
Дата обновления
15 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

21 апреля 2026
«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі.
20 апреля 2026
Форум
20 апреля 2026
Ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы